Халқымызда тектілігін сақтап, өр мінезімен ерлерге тән іс жасаған батыр аналар көп болғанын тарихтан білеміз. «Әйел – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген жақсы сөз бар. Мұның астарында әйел адамның кез келген ауқымды істерге араласа алатынын, үлкен нәтижелерге қол жеткізе алатынын аңғартатын мағына жатыр.

Өйткені қоғамның түрлі салаларындағы жетістіктерде әйелдердің үлесі бар екені ақиқат. Сондай нәзік жанның бірі – көпбалалы ана, мемлекетік сот орындаушысы- Айбосынова Алия Ахметқызы.
Алия 1979 жылы 21 ақпанда Арал каласы, Жаксықылыш кентінде дүниеге келген.

1996 жылы Арал қаласындағы №19 орта мектепті бітіріп, арман қуып Алматыға оқуға түседі. 2000 жылы Казгюа университетін бітіріп, алғаш еңбек жолын Арал қаласының сотында хатшылықтан бастады. Жолдасы Макашев Болатпен 2002 жылы отау құрып, бүгінгі таңда өнегелі көп балалы отбасыларына айналып отыр.


Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті. Баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балалар өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті. «Әке – асқар тау, ана – етегіндегі бұлақ, бала-жасындағы құрақ» – деп тегін айтылмаған болар. Қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке-жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі. Еңбек пен отбасының арасында барлығына үлгеру оңай емес.

Дегенмен, үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік қасиеттерді Болат пен Алияның балаларына, жалпы отбасына қарап-ақ олардың бала тәрбиесінде де жұмыстарымен қатар тең алып жүргендерін аңғаруға болады.


Алия 2003 жылдан бері мемлекеттік сот орындаушысы қызметін атқарып келеді. Қызығы мен шыжығы көп бұл салада Алия бірнеше рет Әділет Министрлігінің грамоталарымен марапатталып, 2018 жылы «Әділет органдарының үздігі» медалімен марапатталған.


Адалдық адамды тәрбиелейтін, өзінің ұстанымдарына берік ететін ұлы құндылық. Ал адалдықтың ішінде досқа деген, достыққа деген адалдық бар. Алия достыққа адал, оның еңбекқорлығы мен алғырлығы, пысықтығына қарап, жан-жағындағы достары да үлгі-өнеге, ақыл-кеңестерін алып келеді.

Қызылорда облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!