Мемлекет басшысы әрбір Жолдауында өскелең ұрпақты, ел ертеңі жастарды міндетті түрде атап өтеді. Әдеттегідей, жастар биылғы Жолдауда да тыс қалмады. «Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ. Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасының түпкі мәні – осы» деген Мемлекет басшысы ел жастарына үлкен сенім артады.

         Бүгін облыстық жастар ресурстық орталығында Жолдауда туындаған міндеттерді талқылау мақсатында жастардың қатысуымен  «Bir tolqynda» диалог алаңы өтті. Кеш қонақтары  №140 қазақ орта мектебінің директоры, қалалық мәслихат депутаты Айгүл Мұсабаева, Сырдария аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы жастармен ой алмасып, жолдауға қатысты пікірлерімен бөлісті.

         Айгул Нажмадинқызы «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ» атты биылғы жолдауында ел экономикасын дамытуға қатысты міндеттердің айқын көрініс тапқанын сөз етті. Жолдау бүкілхалықтық қолдауға ие болғанда ғана нәтижелі болады. Осы ретте, жергілікті  депутаттар жолдаудың маңыздылығын түсіндіре отырып, белсенді азаматтармен бірге өңір жұртшылығымен жұмыс жасау қажет екеніндігін атап өтті.

Президенттің білім беру мекемелерінде психологиялық қолдау қызметін күшейту, бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру және зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсетудің пәрменді бағдарламасын әзірлеу секілді нақты тапсырмалар бергеніне өте қуаныштымыз. Жастар мен жасөспірімдерді қолдау, оларға тағылымды тәрбие беру аса маңызды шаруа. Себебі, жастар – елдің ертеңі, үкілеген үміті. Мемлекет басшысының тапсырмаларына негіздей отырып, еліміздің дамуына өзіндік үлесін қосу – ел азаматтарына парыз, – Сырдария аудандық мәслихатының депутаты Ақтөре Ибрагимұлы.

Ал облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Талғат Тілес биылғы Жолдаудағы жастар мен жасөспірімдерге қатысты Мемлекет басшысының сөзін тілге тиек етіп, жасөспірімдер тәрбиесінің ел ертеңі үшін маңызды екеніне тоқталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!