Синоптиктер еліміздің аумағындағы қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атмосфералық ағындардың өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұрқасындатып, қар жауады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар, елдің оңтүстік-батысында жаңбыр жаууы ықтимал, – делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, республиканың шығысында қатты қар жаууы болжанады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, елдің оңтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ күтіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!