Бүгінде пәтер сатып алуға немесе емделу үшін қаражат жетіспей жататын азаматтар қатары аз емес. Сондықтан ел Үкіметі 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтарда зейнетақы жинақтарының бір бөлігін нақты мақсаттарға жұмсауына мүмкіндік ұсыныды. Осы орайда, ҚазАқпарат тілшісі зейнетақы қорындағы қаражатты қалай және қандай қызметтер үшін алуға болатынын анықтап көрді

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға өтініш бермес бұрын азамат өзінің жинағын тексеріп, үй сатып алу және емделу үшін алуына рұқсат етілетін сомасының бар екеніне көз жеткізуі тиіс.

Оны Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) интернет-ресурсынан, мобильді қосымшасындағы жеке кабинетінен және электрондық үкімет порталында https://egov.kz/cms/ru тексеруге болады.

Айта кетейік, баспана алу үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алып қою тәртібін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлейді және бекітеді. Ал, емделуге ақы төлеуге алу тәртібін Денсаулық сақтау министрлігі дайындайды.

Зейнетақы жинақтарын қалай пайдалануға болады?

1. Әр салымшы өз зейнетақы жинақтарын дербес пайдалана алады. Егер қаражат жеткіліксіз болған жағдайда жақын туыстары мен жұбайының зейнетақы жинақтарынан қаражат алуына болады. Жақын туыстар – ол ата-ана, бала, асырап алушы, асырап алынғандар, ата-анасы бір немесе ата-анасы бөлек аға-інілер мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі.

2. Сонымен қатар, жинақтарды жақын туысыңызға немесе жұбайыңызға ішінара немесе толығымен беруге болады. Яғни, бірнеше адамға қаржы аударуға мүмкіндік ұсынылады. Егер азамат зейнетақы қаражатының негізгі бөлігін пайдаланатын болса, онда олардың қалдығын қайтара алады.

Бұған қоса, 1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекс аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар еңбек еткен жылдары бойынша зейнеткерлерге тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге ақы төлеуге өздерінің зейнетақы жинақтарының барлық сомасын пайдалануға құқық беріледі. Еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер www.enpf-otbasy.kz интернет-платформасы арқылы БЖЗҚ-да жинақталған қаражаттарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ немесе екінші деңгейдегі банктерге жүгіне алады.

Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін бірінші кезекте БЖЗҚ сайтында пайдалануға болатын зейнетақы жинақтарының сомасын білу қажет. https://enpf.kz/ru Содан кейін, қажетті соманы пайдалану мақсатын таңдап, платформа арқылы өтініш беріңіз. https://enpf-otbasy.kz Сондай-ақ, Otbasy Bank мобильді қосымшасы немесе бейнебанк арқылы Отбасы банкте арнайы шот ашу қажет (егер сіз банктің клиенті болсаңыз да). Кейін, рұқсат алып, қажетті соманы таңдалған мақсатқа бағыттайсыз.

Азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша жекеменшікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу)

Сіз пәтер, жеке тұрғын үй, жатақхана бөлмесін сатып алуыңызға болады. Тұрғын үйді бастапқы немесе екінші нарықтан, сондай-ақ салынып жатқан үйден ҚР заңнамасына сәйкес кепілдігі бар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, айырбастау арқылы сатып алуға болады. Тұрғын үйді сатып алу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасы жеткіліксіз болған жағдайда басқа көздерден қаражат (біржолғы зейнетақы төлемдері + меншікті немесе өзге де қаражат) тартуға жол беріледі. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасы барлық төлемдер жасалғаннан кейін ғана төленетін болады.

Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара өтеу (оның ішінде Ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)

Сіз кез келген банктен немесе ипотекалық компаниядан алынған тұрғын үй сатып алуға арналған немесе бір банктік қарыз шарты аясында жөндеу жүргізілумен тұрғын үйді сатып алуға арналған қарыз бойынша берешекті ішінара өтей аласыз. Сондай-ақ, жеке қосалқы шаруашылық немесе жеке тұрғын үй құрылысы мақсатына арнап жер телімін сатып алуды қоса алғанда, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы алынған, жеке тұрғын үй құрылысына берілген қарызды төлеуге болады.

Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті толық өтеу (оның ішінде Ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)

Сіз кез келген банктен немесе ипотекалық компаниядан алынған тұрғын үй сатып алуға арналған немесе бір банктік қарыз шарты аясында жөндеу жүргізуге берілген тұрғын үй сатып алуға арналған қарызды толық өтей аласыз. Мұнымен қатар, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы алынған, жеке тұрғын үй құрылысына берілген қарызды жабуға болады.

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық қарыз бойынша берешекті ішінара өтеу

Сіз кез келген банктен немесе ипотекалық компаниядан алынған тұрғын үй сатып алуға арналған немесе бір банктік қарыз шарты аясында жөндеу жүргізілумен тұрғын үйді сатып алуға арналған қарыз бойынша берешекті ішінара өтей аласыз. Сонымен қоса, жеке қосалқы шаруашылық немесе жеке тұрғын үй құрылысы мақсатына арнап жер телімін сатып алуды қоса алғанда, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы алынған, жеке тұрғын үй құрылысына берілген қарызды жабуға мүмкіндік беріледі.

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық қарыз бойынша берешекті толық өтеу

Сіз кез келген банктен немесе ипотекалық компаниядан алынған тұрғын үй сатып алуға арналған немесе бір банктік қарыз шарты аясында жөндеу жүргізілумен тұрғын үйді сатып алуға арналған қарыз бойынша берешекті ішінара немесе толық өтей аласыз. Сондай-ақ, сіз жеке қосалқы шаруашылық немесе жеке тұрғын үй құрылысы мақсатына арнап жер телімін сатып алуды қоса алғанда, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы алынған, жеке тұрғын үй құрылысына берілген қарызды төлеуіңізге болады.

Сатып алу, жекешелендіру, бөліп төлеу арқылы сатып алу-сату құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша ішінара төлеу (Сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша)

Егер Сіз тұрғын үй құрылысы бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар аясында сатып алу құқығымен жалдау шартын жасасқан болсаңыз, онда осы мақсат шеңберінде біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті ішінара төлей аласыз.

Cатып алу, жекешелендіру, бөліп төлеу арқылы сатып алу-сату құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша толық ақы төлеу (Сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша)

Егер Сіз бұрын тұрғын үй құрылысы бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде сатып алу құқығымен жалдау шартын жасасқан болсаңыз, онда сіз біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті толық төлей аласыз.

Жеке тұрғын үй құрылысы (меншігінде жер учаскесі болған жағдайда)

Біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен немесе өз қаражатыңыздан және біржолғы зейнетақы төлемдерінен тұратын жалпы сома есебінен жеке тұрғын үй (меншігінде жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық үшін пайдалану мақсатындағы жер учаскесі болған жағдайда) салуға болады.

Отбасы банкіндегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй заемын алу

Сіз пәтер, жеке тұрғын үй, жатақханадан бөлме сатып ала аласыз. Тұрғын үйді бастапқы немесе екінші нарықтан сатып алуға болады. Сондай-ақ, бір банктік қарыз шартының аясында жөндеу жүргізу арқылы тұрғын үй сатып алуға, жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге (жеке қосалқы шаруашылық немесе жеке тұрғын үй құрылысы нысаналы мақсатындағы жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда) болады.

Тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)

Бұл арқылы да сіз пәтер, жеке тұрғын үй, жатақханадан бөлме сатып ала аласыз. Тұрғын үйді бастапқы немесе қайталама нарықта сатып алуға болады. Сондай-ақ бір банктік қарыз шарты аясында тұрғын үйді жөндеу жұмыстарымен қоса алуға болады.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша пәтерді сатып алу (түпкілікті есеп айырысу)

Сіз ҚР заңнамасына сәйкес кепілдігі (ҚЖК кепілдігі) бар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы салынып жатқан үйден тұрғын үй сатып алуыңызға болады. Тұрғын үй сатып алу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасы жеткіліксіз болған жағдайда басқа көздерден қаражат (біржолғы зейнетақы төлемдері + өз қаражаты) тартуға жол беріледі, бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасы барлық төлемдер жасалғаннан кейін ғана төленетін болады.

Жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық үшін пайдалану мақсатындағы жер учаскесін азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке сатып алу (түпкілікті есеп айырысу)

Сіз жер учаскесін (жеке қосалқы шаруашылық немесе жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдалану мақсатындағы) біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен немесе кейіннен жеке тұрғын үй салу үшін өз қаражатыңыздан және біржолғы зейнетақы төлемдерінен тұратын жалпы сома есебінен сатып алуыңызға болады.

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру

Бұл жүйе арқылы «Отбасы Банк» АҚ және екінші деңгейдегі банкінде тұрғын үй сатып алуға (оның ішінде жөндеу жүргізе отырып), жеке тұрғын үй салуға (жер телімін сатып алуды қоса алғанда) басқа банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыруға болады. Мақсатты растау үшін қажетті құжаттар тізімі: Банктың, ипотекалық ұйымның уәкілетті тұлғасының қолы қойылған анықтама. Анықтаманың жарамдылық мерзімі берілгеннен бастап 15 күн.

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша жеке тұрғын үй салу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын алу (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда)

Сіз біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен немесе өз қаражатыңыздан және біржолғы зейнетақы төлемдерінен тұратын жалпы сома есебінен жеке тұрғын үй салуыңызға (оның ішінде жеке қосалқы шаруашылық немесе жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдалану мақсатындағы жер учаскесін сатып алуыңызға) болады.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін емдеу үшін қалай пайдалануға болады?

Емдеу мақсаттары:

– Орфандық ауруларды емдеу;

– Стоматологиялық қызметтер;

– Реконструктивті және қалпына келтіру
(пластикалық) операциялары;

– Радионуклидтік және радиойодтерапия;

– Радиохирургиялық емдеу;

– Протон терапиясы;

– Офтальмологиялық қызметтер.

Зейнетақы жинақтарын емдеуге пайдалану үшін мына тәртіппен өтінім беруге болады:

1. Біржолғы зейнетақы төлеміне өтініш беріңіз және электрондық цифрлық қолтаңбаңызбен қол қойыңыз.

2. БЖЗҚ 5 жұмыс күні ішінде біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасын сіздің «Отбасы Банк» АҚ арнайы шотыңызға аударады.

3. Қаражат арнайы шотқа түскеннен кейін, диагностика жүргізу үшін бейінді медициналық маманға хабарласыңыз.

4. Бейінді маманның қорытындысын алғаннан кейін, тіркелген жеріңіз (тіркелу орнын E-Gov.kz порталынан білуге болады) бойынша медициналық ұйымға хабарласыңыз және ол жерде жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, дәрігерлік комиссияның қорытындысын беру туралы өтініш беріңіз.

5. Дәрігерлік комиссия өтініш берген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде не емделуге жолдама беру туралы, не бас тарту туралы шешім қабылдайды. 2 жұмыс күні ішінде комиссия хатшысы сізге қорытынды береді.

6. Оң қорытындыны алғаннан кейін емделгіңіз келетін медициналық ұйымды таңдап, онымен келісім жасайсыз. Шартта медициналық қызметтің түрі, дәрігерлік комиссияның қорытындысында көрсетілген диагноз, сома және медициналық ұйымның деректемелері көрсетілуі тиіс

7. Enpf-otbasy.kz платформасына PDF форматтағы дәрігерлік комиссияның қорытындысын және медициналық ұйыммен жасалған шартты жүктеңіз.

8. «Отбасы Банк» АҚ 5 жұмыс күні ішінде құжаттардың сәйкестігін тексереді және cіздің арнайы шотыңыздағы қаражатты шартта көрсетілген деректемелер бойынша медициналық ұйымға аударады.

Қолжетімді соманы қалай білуге болады?

Қолжетімді сома – бұл Сіз пайдалана алатын, жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинақтарының көлемі.

Жеткіліктілік шегі – зейнетақы жасына жеткен кезде зейнетақы төлеу үшін БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының ең төменгі қажетті сомасы.

Мысалы, сіз 35 жастасыз және зейнетақы шотыңызда 7 000 000 теңге жинақталған. Оған сай, сізде жеткіліктілік шек – 5 060 000 теңге, қолжетімді сома – 7 000 000 – 5 060 000 = 1 940 000 теңге.

Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы өтіп, көре аласыз.

https://hcsbk.kz/ru/save/helpful-information/pension-savings/instruction.pdf

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!