«Жалпы Еуропа халқы мен азиялық халықтың менталитеті мүлде екі басқа ғой. Кез келген жердің артықшылығы мен кемшілігі қатар жүреді ғой. Сондықтан өз пікірім мен сараптамамды ең соңында беремін. Қазірге тек баяндау болсын.Балабақшаға барғанда таңғалған (жақсы/нашар ) дүниелерім:1. Қала – біздің Бурабай типтес, орманды қала. Қар едәуір қалың. Ауа температурасы -17 градус. Дымқыл ауа. Сондықтан суықтау.

Балабақшаға кіріп бара жатқанда 3-6 жас арасындағы 30-40 бала далада қар үстінде қалың киімдерін киіп алып ойнап жүр. Беттері қып-қызыл, үстері су-су.Таңғалғаным:Бізде балабақша түгіл -17 градуста 10-11-сынып оқушыларын дш-ға шығарсаң, ата-ана ертеңіне шағымданып, шу шығарар еді.2. Балабақшада да, түстен кейін барған бастауыш мектепте де бір де бір камера жоқ. Бейнебақылау тек балабақшаның сыртқы қоршауының жолға қараған бетінде ғана бар. Басқа жоқ.Таңғалғаным, бізде күллі балабақша, мектеп камерамен Ішкі істерге қосылған. Сонда да балаларды ұрған тәрбиешілер, тіпті таяқпен ұрған әртүрлі оқиғаларға үнемі куә боламыз. Неге?3. Балабақша іші шашылып жатыр, әр топ білгенін істеп жүр. Балалар дерлік жалаң аяқ, шортик, кейбірінде ғана нәски бар. Балабақша ішінде 2 сағаттай болдық, меңгерушісімен сөйлесіп, жұмыстарымен таныстық.

Сол кезде өзіміздің аяғымыздан өткен суық маңдайдан шықты. Ал балалардың жүрісі?Таңғалғаным:

1) Неге суық? Балалар ауырмай ма?2) бізге сырттан адам келетін болса… бәрін тазалап, балаларды бірыңғай киіндіріп, тәрбиешілер әдемі боп, тіпті… қояр едік… Бұлар керісінше біз келеді деп шашып тастағандай сезілді.3. Балабақша меңгерушісі – ер адам. (Суретте сақалды кісі) Ол тек білім беру мен тәрбие процесіне жауап береді. Егер бірдеңе сынса немесе тозса, оны жөндейтін фирмалар бар, меңгерушісі тек хабарлап отырады.

Балабақшада 120-дан аса бала бар. 30-дан аса қызметкер жұмыс істейді. Балабақшада тамақ жасалмайды.

Қаладағы бүкіл балабақшаның тамағы бір жерден жасалып, бүкіл бақшаға таратылады .Таңғалғаным, балабақша меңгерушісі – ер адам. Бізде балабақша түгіл бастауыш сыныптан ер адам табу қиын», – деп жазды Республикалық «QAZBILIM» орталығының директоры Аятжан Ахметжанұлы фейсбук парақшасында.

«АЖ» АҚПАРАТ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!