Оян, қазақстандық белсенді Влада Ермолчева соңғы парламенттік сайлаудың нәтижелеріне қарсы шықты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
Бойжеткен 19 наурызда Қазақстанда өткен Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын заңсыз деп жариялап, Алматының орталығында пикетке шықты.
Наразылық акциясының кадрлары әлеуметтік желіде пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, белсендіні полиция бірден ұстаған.
«Олар бізден сайлау құқығымызды ұрлады, бізден әділ сайлауды ұрлады, бізден Жаңа Қазақстанды ұрлады, бізден сайлауды ұрлады!» – деді ол.
Еске салайық, 19 наурызда Қазақстан Республикасында Мәжіліс пен мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы өтті. Ресми мәлімет бойынша, сайлаушылардың науқанға қатысу көрсеткіші 54,19 пайызды құрап, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең төменгі көрсеткіш болды.
Қазақстандықтар 19 наурызда өткен Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауын заңсыз және жарамсыз деп тану туралы петицияға белсенді түрде қол қоюда.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!