Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 29 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері күн жылынып, жауын-шашын тоқтамайды.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Республикамыздың басым бөлігінде тұман түсіп, жел екпін алады, ал еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында көктайғақ болуы ықтимал.

Сондай-ақ, гидрометеорологиялық орталық алдағы тәулікте республикамыздың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тауларда жауған жаңбырға байланысты өзен-сулардың тасу қаупі байқалатынын хабарлайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!