Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 24 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ел аумағының басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастыратын кең ауқымды антициклон жүреді.

Республикамыздың басым бөлігінде түнде және таңертең тұман түседі, еліміздің оңтүстік бөлігінде жел екпін алып, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Түркістан облысының тау асуларында, солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да асады.

Астанада күн бұлтты, ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Желдің екпіні – 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -10…-12°С, күндіз: -1…-3°С.

Алматыда күн бұлтты, ауа райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні – 0-5 м/с, күндізгі екпіні – 8 м/с. Ауа температурасы түнде: -2…-4°С, күндіз: +5…+7°С.

Шымкентте күн бұлтты, ауа райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні – 8-13 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: -1…+ 1°С, күндіз: +11…+13°С.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!