Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан территориясының басым бөлігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде түседі. Еліміздің оңтүстік-шығыс аймағында қатты қар жауады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

Астанада күн ала бұлтты, кейде аздаған қар күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр оңтүстік-батысқа ауысады. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 6-8 аяз.

 Алматыда да күн бұлтты, таңертең және түстен кейін жауын-шашын (қар жауады). Оңтүстік-батыс жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 аяз, күндіз 2-4 жылу.

Шымкентте күн ала бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Оңтүстік-батыс жел секундына 5-10 метр. Түнде ауа температурасы 1 аяз-1 жылу, күндіз 6-8 жылу.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!