«Қазгидромет» РМК бүгінге, 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады. 1 қаңтарда облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қар жауып, бұрқасындатады, күндіз қар, бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты қар жауады. 1 қаңтарда облыстың батысында көктайғақ, түнде облыстың оңтүстігінде тұман түседі.
Түнде Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. 1 қаңтарда облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі.
Қарағанды облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қар жауып, бұрқасындатады, күндіз қар жауады, бұрқасын болады, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты қар жауады. 1 қаңтарда облыстың батысында көктайғақ болып, түнде облыстың оңтүстігінде тұман түседі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады, күндіз қар, бұрқасын болады.
Ақмола облысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауады, бұрқасын болады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!