Фото: depositphotos.com

Республиканың көптеген аймақтарында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болады деп күтілуде. Бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облысы

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда мұзтайғақ күтіледі. Алматы қ.: 02 желтоқсанда кей уақытта тұман, жолдарда мұзтайғақ күтіледі. Конаев қ.: 02 желтоқсанда кей уақытта тұман, жолдарда мұзтайғақ күтіледі.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 02 желтоқсанда түнде тұман күтіледі.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысының шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман.

Жамбыл облысы

02-03 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 02-03 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. 02 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 02-03 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Қарағанды қ.: 02 желтоқсанда жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

Жетісу облысы

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ, түнде және таңертен орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі

Түркістан облысы

Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шымкент қ.: 02 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қ.: 02 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола облысы

Ақмола облысының батысында, шығысында тұман күтіледі.

Астана

Астана қ.: 02 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысы

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Маңғыстау облысы

Түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-18 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 02 желтоқсан түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысы

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 02 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысы

Түнде және таңертең Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қ.: 02 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!