Бүгін — халықаралық акушерлер күні, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұл кәсіби мерекені атап өту туралы идея 1987 жылы ұсынылып, 1992 жылы ресми түрде мойындалған болатын.

Қазіргі таңда елімізде 9 мыңнан астам акушер еңбек етеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, олардың 64%-ы қалада, 36%-ы ауылда жұмыс істейді.

«Бүгін біз жаңа өмірдің бастауында тұратын жандарды — акушерлерді құттықтаймыз! Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 370 мыңға жуық босану қабылданады және әрбір осы кереметтің артында акушерлердің еңбегі, қамқорлығы мен біліктілігі жатыр. Олар болашақ аналарды перзентханаға түскен сәттен бастап шығарылғанға дейін қамқорлық жасап, тек медициналық емес, моралдық қолдау да көрсетеді. Бұл — әйелдер мен олардың сәбилері үшін ең толқынысты әрі маңызды сәттерде жанында болатын нағыз қаһармандар»,—деді министрлік.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!