фото: Halyq Uni

Ішкі істер органдарының жеке құрамы 14 желтоқсаннан бастап күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын күшейтті.

Мерекелік іс-шаралар өтетін жерлерде, сондай-ақ азаматтар көп жиналатын орындарда және мемлекеттік қорғауға алынған нысандарда полиция нарядтары көбейтілді, – деп жазылған хабарламада.

Бүгін жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау камераларының көмегімен де бақылау күшейтілді.

Ішкі істер министрлігі іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қабылдайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!