Фото: ашық дереккөзден

Massaget.kz. Бүгін Париждегі жазғы Олимпиада ойындары аяқталады. Соңғы жарыс күні екі спортшымыз жүлдеге таласады.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль бар. Дзюдошы Елдос СметовОлимпиада чемпионы атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль алды. Ал Олимпиаданың ең алғашқы жүлдесін мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле аралас жұптық сайыста жеңіп алған еді. Спорттық гимнастикада Нариман Құрбановтарихи күміс жүлдеге қол жеткізді. Бокстан қыздар арасында Назым Қызайбай қола алды. Балуан Демеу Жадыраев пен боксшы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер атанды.

Бүгін жарыс жолына шығатын спортшыларымызға сәттілік серік болсын.

• Марафон. 42 км. Финал
11:00. Жанна Мамажанова

• Еркін күрес. Жұбаныш белдесуі (97 кг)
14:30.  Әлішер Ерғали – Әмірәли Азарпира

• 00:00. Жабылу салтанаты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!