2022 жылдың 17 маусым күні 23:00-ден бастап 18 маусым күнгі сағат 06:00-ге дейін Қызылорда қаласын ауыз сумен қамтамасыз ететін «Бас Тоған» су алу кешенінде орналасқан д-600мм ашып-жабу ысырмасында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты қала көлемінде ауыз су беру түнгі сағат 23:00-ден бастап таңғы сағат 06:00-ге дейінгі уақыт аралығында ауыз су қысымы төмендеп, уақытша тоқтауы да ықтимал.Қызылорда қаласы тұрғындарын қажетті ауыз су көлемін жинап алуларыңызды және атқарылатын жұмыстарға түсінікпен қарауларыңызды сұраймыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!