Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова айтыстан су жаңа автокөлік ұтып алды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айтыстан су жаңа автокөлік ұтып алғаны туралы ақын өзінің instagram парақшасына жазба жазып, халықтан сүйінші сұрады.
«Сүйінші! Араға үш жыл салып айтысқа шықтым. Бүгінгі айтыстың бас бәйгесі бұйырды. Шығыстың Таскескен дейтін аядай ғана жерінде атағы жер жаратын дүбірлі думан боп жатыр. От ауызды, орақ тілді ақындардың бас қосқан күні болды. Қарсыласым – Мұхтар Нияз. Әзілі де, әңгімесі де, өнері де, өлеңі де бөлек ақын ғой. Мәртебемді аспандатып тастады. Рақмет досым», – деп жазды ақын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!