Фото: © istockphoto.com

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде тұман, бұрқасын және екпінді жел күтіледі. Әсіресе Жетісу, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында желдің жылдамдығы 15-23 м/с-қа жетуі мүмкін. Кей өңірлерде ауа райының қолайсыздығына байланысты жол анық көрінбеуі ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жетісу облысы

Жетісу облысының солтүстік бөлігінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысы

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қарағанды қ.: 10 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Астана

Астана қ.: 10 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысы

Түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында тұман күтіледі.

Ақмола облысы

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 10 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысы

Түнде Павлодар облысының шығысында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың батысында, шығысында екпіні 23 м/с. Петропавл қ.: 10 желтоқсанда күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысы

Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: 10 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысы

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында 15- 20 м/с. Шымкент қ.: 10 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қ.: 10 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!