Қазгидромет 26, 27 және 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Болжам бойынша атмосфералық фронттар өтуіне байланысты еліміздің көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел соғып, тіпті бұршақ жаууы мүмкін.

27 сәуірде Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында, 28 сәуірде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр жауады.

«Республиканың батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында тұман түседі. 26 сәуірге қараған түні Абай облысында, 26-27 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында 1-3 градус үсік жүреді», – дейді синоптиктер.

Ауа температура қандай болады?

  • Батыс Қазақстанда түнде ауа температурасы 10-15 градустан 2-10 градусқа дейін төмендейді, күндіз 20-27 градустан 6-14 градусқа дейін төмендейді.
  • Оңтүстік-батыста түнде 12-20 градустан 7-15 градусқа дейін төмендейді, күндіз 20-30 градус жылы, 28 сәуірде 10-18 градусқа дейін төмендейді.
  • Солтүстік-батыста түнде 10-17 градустан 7-12 градусқа дейін, күндіз 20-28 градустан 12-22 градусқа дейін төмендейді.
  • Солтүстікте түнде 5-10 градустан 10-17 градусқа дейін жоғарылайды, күндіз 21-28 градустан 18-23 градусқа дейін төмендейді.
  • Орталықта түнгі температура 5-15 градустан 12-17 градусқа дейін өзгереді, күндіз негізінен 23-30 градус жылы.
  • Шығыста түнде 1-8 градус жылы, солтүстік-шығыста 1-3 градус үсік болуы мүмкін, кейін 10-15 градусқа дейін жылынады, күндіз 20-27 градустан 23-31 градусқа дейін көтеріледі.
  • Оңтүстікте түнде 15-20 градустан 17-23 градусқа дейін, күндіз 28-33 градустан 32-37 градусқа дейін көтеріледі.
  • Оңтүстік-шығыста түнде 5-17 градустан 10-20 градусқа дейін жоғарылайды, күндіз 22-30 градустан 27-35 градусқа дейін көтеріледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!