«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстанда 25, 26 және 27 қаңтарда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоғары қысымды өрістің әсерінен Қазақстанда күн райы ашық болады, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
«Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы түнде 12-23, күндіз 5-13 градус аяз, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 0-10 градусқа дейін, таулы аймақтарда 13-18 градусқа дейін ауа температурасы көтеріледі, күндіз 3-8 градус жылы, таулы аймақтарда 0-5 градус аяз, ал Қазақстанның батысында түнде 7-17 градус аяз, күндіз 6 градус аяз 2 градус жылы болады», делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!