Айтуынша, елдегі шамадан тыс мешіттерді жауып, оларды оқу орталықтарына айналдырған абзал, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы ойын ғалым Әбдірашит Бәкірұлы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Айналайын қазағым, жан-жағыңа қарағың! Советқазы Нұрсила бауырым Қырғызстандағы сияқты мешіттерді жабу мәселесін көтерді… Айтылуы тиіс мәселе еді – айтылды!
Иә, шамадан тыс көбейіп кеткен көптеген мешіттерді ұлттық салт-дәстүрді, ұлттық мәдениетті оқыту орталықтарына айналдыруға болар еді…
Алайда, менің оған күмәнім бар. Себебі, сондай шешім қабылдана қалса, наразылыққа халықтың өзі шығады…Олардың көбінің дінге қатысы шамалы болса да, бәрібір наразы болады… Әкімшілік осыдан сескенеді. Сондықтан, билік алдымен діни экстремизмнің қауіпті екенін айтып, халыққа түсіндіру жұмысын жасауы керек… Бірақ олар осыдан да қорқып отыр. Тіптен, сондай дін жетегінде өздері жүр десе болады… Дін қаупін түсіндіруді аздаған зиялы қауым айтып жатыр. Оны қолдаушылар көп болғанымен, бұқара санасында серпіліс жоқ…
Мен дін қаупін әркім өз басына таяқ болып тиген соң ғана сезінер деп алаңдаймын… Бірақ, ол соны ұққан адам үшін кеш болады ғой… Мысалы, мен немерелерімді діннен қатты «қорғап» өсірдім… Үлкенге құрмет, тек шындықты айту, білімді болу, адамдарға жанашыр болу, мейірімді болу, қыз баланы құрметтеу, қазақ тілін басты тіл деп санау, Отаным деген сөзді қастерлеу және т.т. қасиеттерге тәрбиеледік…
Нәтижесі жаман емес. Бұл үшін маған ешбір діннің қажеті де болған жоқ. Қазақ халқында ұрпақты адамшылыққа тәрбиелеудің жолдары діндерге қарағанда жүз есе мол екен…
Әрі, өте пайдалы және тиімді, және үйлесімді екен. Қазақ баласын өмір сүруге құлшындыра тәрбиелеген екен.Балаға «Сен тұлғасың!» дей отырып, оны орынсыз мақтанудан да шектеген екен… Жасы келмей жатып, жынысқа қатысы бар қылықтардан қорғаған екен…
Қазіргі дінімізде көп айтылатын «жас бүлдіршін қызға «потенциалды жыныс объектісі» деп қарау керек» дейтін ұғымға тиым салып, қыз баланың да, ұл баланың да санасын лайламаған екен… Баланың «алғашқы махаббат» сезіміне де құрметпен қараған екен! Балалардың «білсем» деген ұмтылысына ешбір бөтен кедергі болмауын ойластырған екен…
Ол түсінік оған Адамзат, Космостық сана (Жаратылыс заңы) арқылы белгілі…
Бірақ, ол бала осы Космоста өзін «Мен қазақпын!» деп танығандықтан, оның бар ақылы өз еліне, өз халқына, өз Отанына жұмсалады…
Ол үшін Отан отбасыдан басталады. Ендеше, ол бала өмір бойы Атасы мен Апасын құрмет тұтады! Біз кетсек, аруағымызды қастерлейді, басымызға барып тұрады деп сенемін…
.. Бұған да еш діннің қатысы жоқ дер едім…
Одан әрі, мен мамандық таңдау дегенді алдын ала немерелеріммен мектеп бітірер алдында екі-үш жыл бұрын талқылай бастадым… Мамандық таңдау ликбезін ұйымдастырып, сол арада жүздеген мамандықтарды талдадық, талқыладық… Бұл мен үшін де, немерем үшін де өте қиын, бірақ, қызықты жұмыс болды. Алайда, ол баланың өз жолын табуына қатты көмектесті… Шынынды да, егер бала өз жолын тапса, оның санасын сол қызықты әрі сүйікті мамандығы, еңбегі «жаулап» алатыны анық. Оның «дін қиялына» баруға уақыты да жоқ болады екен.
Ал, бізден алған ұлттық құндылық арқасында, ол бәрібір тәрбиелі, текті бала болып қала береді екен… Ол бала «құдайсыз» емес, тегі! Ол Бір Жаратушы барын біледі…», – деп жазды ол.
Караван жаңалықтары – https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!