Фото: Александр Павский / Kazinform

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, деп жазады KAZINFORM .

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,08 теңгеге арзандап, 537,96 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 542,29 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 539,32 теңгеден сатып алынады, 541,62 теңгеден сатылады. Еуро 628,31 — 634,22 теңге, ал рубль 6,66 — 6,78 теңге аралығында саудаланады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 536,55 теңгеден сатып алынады, 543,55 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 623,30 теңге, сату — 633,23 теңге;
— рубль: сатып алу 6,67 теңге, сату — 6,77 теңге.

Еске салайық, 12 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,49 теңгеге арзандап, 542,29 теңге болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!