Синоптиктер елордада және Қазақстанның 17 өңіріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Астанада найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Желдің екпіні – 15-20 м/с.
Ақмола облысында найзағай ойнап, тұман түседі. Желдің екпіні – 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз қатты жаңбыр жауады. Петропавлда күндіз найзағай болады. Желдің екпіні – 23-28 м/с.
Қостанай облысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман болады.
Павлодар облысында жел, найзағай болады. Желдің екпіні – 15-20 м/с.
Қарағанды облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Желдің екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысында да найзағай ойнап, бұршақ жауады. Желдің екпіні 15-20 м/с
Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды. Өскеменде екпіні 25 м/с болатын жел соғады.
Абай облысында найзағай ойнайды. Желдің екпіні 25 м/с.
Атырау облысында найзағай ойнайды. Жел екпіні – 15-20 м/с. Облыста өрт қаупі жоғары.
Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Өрт қаупі жоғары. Ақтауда күндіз шаңды дауыл болады. Жел екпіні – 15-20 м/с.
Алматы облысында жел екпіні – 15-20 м/с. Өңірде өрт қаупі жоғары. Қонаевта жел екпіні 15-20 м/с болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Жел екпіні – 15-20 м/с.
Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, шаңды дауыл болады. Жоғары өрт қаупі күтілуде. Түркістан қаласында оңтүстік-батыс жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, тұман болады. Аймақта өрт қаупі жоғары. Таразда оңтүстік-батыс жел күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының орталығында найзағай соғып, дауыл тұрады. Күндіз шаңды дауыл болады. Сол сияқты өрт қаупі жоғары болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!