9 маусымда циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды аймақтар Қазақстанның басым бөлігінде өз әсерін сақтайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астана – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10°C, күндіз 20-22°C жылы.
Көкшетау – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Түнде 8-10°C, күндіз 22-24°C жылы.
Алматы – көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с, найзағай кезінде екпіні 13 м/с. Түнде 18-20°C, күндіз 30-32°C жылы.
Қонаев – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14 м/с. Түнде 19-21°C, күндіз 32-34°C жылы.
Талдықорған – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 м/с соғады. Түнде 15-17°C, күндіз қатты ыстық – 33-35°C.
Шымкент – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8-13 м/с соғады. Түнде 20-22°C, күндіз 33-35°C жылы болады.
Түркістан – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8-13 м/с соғады. Түнде 21-23°C, күндіз 34-36°C жылы болады.
Орал – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с соғады. Түнде 16-18°C, күндіз 31-33°C жылы болады.
Атырау – бұлт шығады, аздаған өткінші жаңбыр, найзағай. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан түнде 1-6 м/с, күндіз 6-11 м/с соғады. Түнде 19-21°C, күндіз 31-33°C жылы болады.
Ақтау – аздап бұлтты болады, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні – 5-10 м/с. Түнде 19-21°C, күндіз 25-27°C жылы болады.
Ақтөбе – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 4-9 м/с. Түнде 11-13°C, күндіз 29-31°C жылы болады.
Қостанай – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Түнде 7-9°C, күндіз 25-27°C жылы болады.
Петропавл – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 5-10 м/с соғады. Түнде 7-9°C, күндіз 24-26°C жылы болады.
Павлодар – аздаған бұлт шығады, түнде жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с соғады. Түнде 12-14°C, күндіз 22-24°C жылы болады.
Қарағанды – көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 м/с соғады. Түнде 13-15°C, күндіз 22-24°C жылы болады.
Жезқазған – аздап бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 7-12 м/с соғады. Түнде 14-16°C, күндіз 28-30°C жылы болады.
Өскемен – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с соғады. Түнде 14-16°C, күндіз 25-27°C жылы болады.
Семей – бұлт шығады, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен 5-10 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Түнде 15-17°C, күндіз 23-25°C жылы болады.
Қызылорда – аздаған бұлтты болады, күндіз аздап жаңбыр, найзағай болады. Жел солтүстік-шығыстан 6-11 м/с соғады. Түнде 20-22°C, күндіз 32-34°C жылы болады.
Тараз – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Түнде – 18-20°C, күндіз – 34-36°C жылы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!