«Қазгидромет» РМК дүйсенбі күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің дерегінше, 18 тамыз күні еліміздің көптеген өңірінде ауа райы құбылмалы болады.

Астана, Алматы және тағы 16 облыста найзағай, өткінші жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Кейбір аймақтарда тұман түсіп, шаңды дауыл болуы мүмкін.

Солтүстік және шығыс өңірлерде – Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жауын-шашынмен бірге бұршақ жаууы ықтимал.

Орталық пен оңтүстікте – Жамбыл, Алматы, Жетісу, Түркістан облыстарында найзағай күтіледі.

Батыс өңірлерде, әсіресе Маңғыстау облысында шаңды дауыл болжанып отыр.

Сонымен қатар, еліміздің көп бөлігінде, әсіресе Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл және Алматы облыстарында өрт қаупі өте жоғары болып қала береді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!