Синоптиктер дүйсенбі күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ауа райы болжамына сәйкес, Астана тұманды болады.

Ақмола облысында күндіз көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде тұман болуы ықтимал. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында тұман түседі. Күндіз екпіні секундына 23 метр болатын жел соғады.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында бұрқасын болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман болады. Күндіз екпіні секундына 23 метрге жететін жел соғады.

Атырау облысының басым бөлігінде тұман болады.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман болады. Облыстың таулы аудандарында 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге жететін жел соғады.

Маңғыстау облысында көктайғақ болады.

Түркістан облысының таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы ықтимал. Күндіз екпіні секундына 23-28 метрге жететін жел соғады.

Ұлытау облысының кей жерлерінде тұман болады. Облыс орталығында екпіні секундына 15-18 метрге жететін жел соғады.

Павлодар облысында бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Қарағанды ​​облысының басым бөлігінде тұман болады.

Абай облысында қар жауып, бұрқасын болады. Желдің екпіні 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын күтіледі. Желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең облыстың батысында және солтүстігінде тұман күтіледі.

Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыс орталығында және таулы аудандарда 25-27 градусқа дейін қатты аяз күтіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!