Қазақстандағы жеке тұлғалардың мойнындағы несиенің жалпы сомасы 13 трлн теңгеден асқан, деп хабарлайды inbusiness.kz.
«Жеке тұлғалардың кредиттері 2022 жылғы қыркүйекте 2,5% ұлғайып, 13,1 трлн теңге болды (жыл басынан бері 21,6% өсті). Жеңілдетілген мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларды жалғастыру нәтижесінде ипотекалық кредиттеудің 3,3% немесе 4,3 трлн теңгеге дейін ұлғайған. Сондай-ақ, тұтыну қарыздарының 2,3% немесе 7,2 трлн теңгеге дейін өскен», – делінген хабарламада.
Ведомство дерегіне сүйенсек, 1 қазандағы жағдай бойынша, банк секторы бойынша өтелмеген қарыздардың деңгейі 802 млрд теңгеге жетіп, жалпы несие портфелінің 3,6%-ын құраған. Бұл көрсеткіш басында 3,3% немесе 669 млрд теңге болатын.
«Шағын және орта бизнесті қоса алғанда тұлғалардың портфелінде төлеу мерзімі 90 күннен артық кешіктірілген қарыздардың үлесі 3,5% немесе 349 млрд теңге болып отыр. Жеке тұлғалардың портфелінде бұл көрсеткіш 3,7% немесе 453 млрд теңге. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен жабу 72,8%-ды құрайды», – деді агенттік.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!