KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 5-і күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, солтүстік антициклон әлі де Қазақстанның көп бөлігіндегі ауа-райына ықпал ететін болады. Соның салдарынан бүгін ел аймақтары негізінен жауын-шашынсыз болады.

Елдің батысында ғана антициклон фронталды бөліктерден өтіп, жаңбыр мен қар жауады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, елдің солтүстік-батысында, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын соғады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!