Фото: Pixabay
Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік циклон әсер етеді. Қалың қар жауып, көктайғақ болып, бұрқасын болады, деп Sкifnews.kz ақпарат порталы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктер 21 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының ықпалында болатынын айтты.
Елдің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болып, екпінді жел соғады. Республиканың батысында 23 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады.
21 желтоқсанда күндіз Павлодар облысында, 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қалың қар жауады.
23 желтоқсанға таяу батыс антициклонының ауысуы әсерінен республиканың оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Температура фонында күрт өзгеріс болмайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!