Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының әсерінен ауа райы құбылмалы болады, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Тек шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста антициклон сілемінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.
Абай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында 2-3 градус үсік жүреді. Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
Қалалар бойынша температура болжамы
Астанада күндіз көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады – 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 22-24 градус жылы.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады – 9-14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 19-21 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 26-28 градус жылы.
Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 27-29 градус жылы.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 28-30 градус жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысаы – 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 32-34 градус жылы.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады – 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 33-35 градус жылы.
Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түсді. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 18-20 градус жылы.
Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады – 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 22-24 градус жылы.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік, солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 24-26 градус жылы.
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 18-20 градус жылы.
Қостанайда күн бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады – 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 16-18 градус жылы.
Петропавлда күн бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады – 15-20, екпіні 25 м/с. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 16-18 градус жылы.
Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 21-23 градус жылы.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 7-12, таңертең және күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 23-25 градус жылы.
Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады –5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 26-28 градус жылы.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 18-20 градус жылы.
Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 20-22 градус жылы.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 35-37 градус жылы.
Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 32-34 градус жылы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!