KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 1-2 қыркүйекте Қазақстанның төрт облысында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады.

1-2 қыркүйекте түнде Ақмола, Қарағанды ​​облыстарының солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін) күтіледі. 

1 қыркүйекте түнде еліміздің батыс және оңтүстік аймағында, 2 қыркүйекте Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын күтіледі (жаңбыр соңы қарға ұласуы ықтимал). 

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында 1-2 қыркүйекте түнде жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін) жауады деп болжанып отыр. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!