Фото: gov.kz

Қазақстанда әскерден қашқандарға үш жарым миллион теңге айыппұл салынып, қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскер қатарына шақырылған барлық азамат әскери комиссариатқа келуге міндетті. Қазір жүргізіліп жатқан күзгі науқанда Отан алдындағы борышын өтеуге тиіс азаматтарға шақыру қағазы хат түрінде және SMS-пен жолданып жатыр.

Олардың жұмыс пен оқу орындарына да хабарлама берілген. Ал шақыруды жеке өзіне тапсыру мүмкін емес азаматтар әскери комиссариатқа ішкі істер органдарының көмегімен жеткізіледі. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!