Сейсмикалық аймақтағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа жүйелі тәсілдер енгізіледі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министр Мәжіліс депутаттарына заң жобасындағы өзгерістерді таныстырды. Оның айтуынша, мемлекеттің, шаруашылық жүргізу субъектілерінің және халықтың өзара қарым-қатынасын реттейтін сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жеке тарау ретінде енгізіледі.
Атап айтқанда, министрлік пен жергілікті атқарушы органдарға сейсмикалық қауіптілікке бағалау жүргізу өкілеттігі беріледі. Мұнда халықты жер сілкінісінен қорғау және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралар көзделеді. Сонымен қатар Министрлікке сейсмикалық, сел және көшкін қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қала құрылысы жобаларын келісу бойынша функция беріледі. Жалпы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетіне орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қатысты төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі бақылау функциялары беріледі, – дейді Шыңғыс Әрінов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!