Фото: Мәжіліс

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қаралып, қабылданды, – деп хабарлайды KAZINFORM.

Бұл құжатты Мәжіліс биыл 18 наурызда бірінші оқылымда мақұлдады. 

— Заң еңбек саласындағы жекелеген құқықтар мен кепілдіктерді жетілдіруге бағытталған. Құжат медициналық куәландыру уақытын төлеу рәсімін айқындауға, әлеуметтік әріптестікті дамытудағы жергілікті органдардың өкілеттіктерін бекітуге және еңбек инспекторларының біліктілігіне талаптарды күшейтуге бағытталған, — деді депутат Кұдайберген Бексұлтанов.

Жұмыс барысында депутаттармен келесі түзетулер енгізілген:

— техникалық инспекторлардың құқықтарын және олардың қызметіне ақы төлеу тәртібін нақтылау;

— әлеуметтік әріптестік мүшелерінің бастамасы бойынша өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдерді іске асыру туралы есепті тыңдау;

— қызметкерлердің скринингтік зерттеулерден өту тәртібін анықтауға қатысты өзгерістерді қамтиды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!