5 қыркүйекте Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті Жарлығы жарияланды.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылды», – делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін әкімді тағайындауға келісім алу мәселесі бойынша Ақтөбе облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысы өтетіні хабарланған.

Ол Ақтөбе облысын2022 жылдың 31 тамызынан бері басқарды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!