Алматыда арнайы операция барысында есірткі сатумен айналысып келген порностудия иесі ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматыдағы түнгі клубтардың біріне тінту жүргізіп, бармен болып жұмыс істейтін 2002 жылы туған азамат В күдікке ілінген.
Алматы қалалық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Алмағамбетовтың сөзінше, күдікті жұмыс орнында қамауға алынған. Жеке тінту кезінде күдіктіден клиентке сатпақ болған синтетикалық есірткі заты салынған пакет тәркіленген. Сараптама қорытындысы бойынша бұл психотроптық зат меткатинон 4 метилметкатинон (мефедрон) аналогы болып шыққан.
“Сонымен қатар осы клубтың тұрақты келушілерінің бірі 26 жастағы азаматша М-ға қатысты да жедел-арнайы іс-шаралар жүргізіліп, оның тұрғылықты жерінде санкцияланған тінту жұмыстары болды. Тұрғын үйдегі оның пәтері белгілі болғандай, есірткі тұтынатын адамдардың ойын-сауық орнына айналған. Сол жерде 6 адам ұсталды. Қазір олардың жеке басы анықталып жатыр», – деді Ерлан Алмағамбетов.
Тергеушілердің мәліметінше, жезөкшелер үйінің қожайыны, Алматы қаласының элиталық шағын ауданында порностудияны да құрған.
“Онда 18 және 22 жастағы екі қыз жұмыс істеген. Жедел мәліметтерге сәйкес, олар да есірткіге тәуелді болған. азамат М. оларға дәрі-дәрмек берген. Іскер азамат бірнеше ай бұрын порнографиялық бейнероликтер көрсетілетін Webcam студиясын ашқан. Қазіргі уақытта оның әрекеттерін ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы бойынша саралау мәселесі шешілуде. Негізгі қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», – деп түйіндеді Алмағамбетов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!