Мерейтойға орай FlyArystan әуе компаниясы Қазақстанның барлық бағыттарына билеттерді 3000 теңгеден сату туралы хабарлады.
3000 осындай билет бар. Сатылым бүгін сағат 12.00-де басталды.
«1 қыркүйек пен 31 қазан аралығында саяхаттауға билеттерді сатып алыңыз. Акциялық билеттерді FlyАrystan мобильді қосымшасында және flyarystan.com сайтында 3 мамырда сағат 12:00-ден 4 мамырдың 00:00-не дейін алуға болады», - делінген хабарламада.
Тасымалдаушы алғашқы рейсін 2019 жылдың мамыр айында жасаған. FlyArystan 40 бағытқа ұшады, оның ішінде 11 халықаралық бағыт бар.
Дереккөз: informburo.kz