«Халық заңгері» ауқымды республикалық акциясы 2025 жылғы 30 мамырда еліміздің барлық қалалары мен елді мекендерінде бір уақытта өтеді. Құқық саласының жетекші мамандары азаматтарды қабылдап, көкейтесті сұрақтарына жауап береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Акцияға кәсіби заңгерлер, нотариустар, прокурорлар, полицейлер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқа да сарапшылар қатысады. Шараны ұйымдастырушылар өз істеріңізге қатысты құжаттарды ала келуге кеңес береді – бұл мамандарға неғұрлым толық әрі сапалы ұсыныстар беруге мүмкіндік береді.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, өзекті мәселелерді шешу және тегін құқықтық көмек көрсету.

«Халық заңгері» шарасы ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі. Ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Prosud.kz желілік басылымы, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Осы жылдар ішінде жоба дәстүрге айналып, қазақстандықтардың қолдауына ие болды. Акцияға 2016 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықта 10 000-нан астам үздік сарапшы мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты. 300 000-нан астам азамат тегін құқықтық көмек алды.

Биыл қоғам арасында «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету басты назарда – бұл құқықтық мәдениетті арттыру, мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайту және құқықбұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру үшін маңызды.

«Халық заңгері» акциясының ауқымы мен өткізу географиясы бойынша бірегей жоба, мұндай форматтағы шараның Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде баламасы жоқ.

Еліміз бойынша өткізілетін шара мекенжайларының толық тізімін сілтеме арқылы көре аласыз.

Сондай-ақ, бұған дейін акцияның қалай өткізілгендігі жайында мына жерден оқи отырыңыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!