Компания жоғарыда аталған модельдерге кезекте тұрған клиенттерге күтуді немесе Hyundai-дың басқа моделіне кезекке тұруды ұсынды.

Hyundai Trans Kazakhstan зауыты Hyundai Accent және Hyundai Creta модельдерін шығаруды уақытша тоқтатады.

Astana Motors баспасөз қызметінің мәліметінше, геосаяси жағдайға байланысты көктемде Ресей Федерациясынан құрамдас бөлшектерді жеткізу жұмысы тоқтап қалған.

“Осы уақыт ішінде компания қормен жұмыс істеді, сонымен қатар Hyundai Motor Company компаниясымен басқа елдерден бөлшектерді жеткізуге шұғыл квота беру туралы келісімге келді. Қолда бар барлық бөлшек игерілді. Жақын арада жаңа бөлшектер келеді деп жоспарланып отырған жоқ», –  деп мәлімдеді компания.

Қазіргі уақытта алдағы жеткізілімдер және жаңа логистика тізбегі мәселесі пысықталып жатыр.

Компания жоғарыда аталған модельдерге кезекте тұрған клиенттерге күтуді жалғастыруды немесе Hyundai-дың басқа моделіне кезекке тұруды ұсынды.

Қосымша сұрақтар бойынша Hyundai дилерлеріне, сондай-ақ 7007 байланыс орталығына хабарласуға болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!