Илон Маск әлемдегі ең ірі әлеуметтік желілердің бірі Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Миллиардер қол жуатын шұңғылшаны салтанатты түрде кеңсеге кіргізіп бара жатқанын әлеуметтік желіге жариялады.

Маск видеоны Twitter-дегі парақшасында бөлісті.

«Твиттер штаб-пәтеріне кіру – ендеше сүңгиік”, – деп жазды ол.

Сонымен қатар, Маск әлеуметтік желідегі парақшасындағы қолтаңбаны Chief Twit деп өзгертті.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, келісім 44 миллиард долларды құраған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!