Оның айтуынша, жалдамалы пәтерде тұрған абзал, өйткені ұрпақ иманды болып өседі.
Діндар үйді ипотекаға алуға шариғаттың тыйым салатыны туралы уағыз айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Имамның бұл уағызы Instagram-да тарады. Оның айтуынша, жалдамалы пәтерде тұрған абзал, өйткені ұрпақ иманды болып өседі.
«Ипотека алуға болмайды. Себебі оның өсімпұлы бар. «Менің пәтер жалдап келе жатқаныма бірнеше жыл болды. Ақшамды ауаға шашып жатқандаймын. Біреуге текке төлеп отырмын. Одан да ипотекаға үй алсам, өзіме қалар еді ғой» деген сөз айтылды. Пәтер жалдап тұрсаңыздар, оның ішінде иманды, ибалы ұрпағыңыз өсіп жатыр. Уайымдамаңыз. Жатақханадан бастаған небір ағаларымыз бар. Адам өмір бойы пәтер жалдамайды. Ондай адам жоқ. Алла тағала бәрібір үй береді», — дейді діндар.
Мұны желі оқырмандары қызу талқыға салып, қарсы пікірлер қалдырған.
«Енді өлеміз бе?» «Бұл сөзі артық деп ойлаймын», «Қумаңдаршы!», «Ит те, бит те ақылшы болды ғой… Ауамен тамақтанған пайдалы деп айтпай ма?», «Қазіргі заманда ипотекасыз, несиесіз ештеңе істей алмайсың», «Өзі жалдап тұрып көрсе, түсінетін шығар», — деп жазды көпшілік.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!