Аймақта экономиканың өсімін қамтамасыз етумен қатар, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше басымдық берілуде. Өңір тұрғындарының сапалы ауыз су пайдалану көрсеткіші – 98,6 пайыз. Биыл барлық елді мекенге сапалы ауыз су 100 пайыз жеткізіледі. Газбен қамту деңгейі 78 пайыз, алдағы меже – 83 пайызға дейін арттыру, – деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызмет.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.

Жылумен қамту нысандары мен желілерін жаңғыртуға былтыр 12 млрд. теңге қаржы бөлініп, дайындық жұмыстары уақытылы жүргізілді. Соның арқасында жылу беру маусымы штаттық режимде өтуде.

Жол инфрақұрылымына қатысты да оң өзгерістер бар. Өңірдегі жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайызға жетті, биыл тағы 329 шақырым жол жөнделіп, бұл көрсеткіш 95 пайыздан асады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалы салынып, іске қосылды. Сонымен қатар, заманауи үлгідегі автовокзал ғимараты пайдалануға беріліп, теміржол вокзалы қайта жаңғыртылды. Қоғамдық көлік мәселесі де толық шешілді, оған қоса 100 электромобиль тұрғындарға экотакси қызметін көрсетуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!