Жануарлар құқығын қорғаушы Сергей Снегирев Ақтөбеде ит талап қаза тапты деген оқушының өліміне шенеуніктерді кінәлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Тергеу себептерін анықтау үшін уақыт қажет еткеніне қарамастан, жергілікті билік басты назарды елдегі панасыз жануарлардың санын реттеу үшін оларды аулау мен атуға тосқауыл қойған «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға аударып отыр», – деді ол. 

Сонымен қатар, Снегирев мұндай жағдайлардың орын алуына шененуніктердің жұмысын дұрыс атқара алмауы себеп болғанын алға тартады.

«Менің ойымша, қайғылы оқиғаға себеп болуы мүмкін бірнеше фактілер бар. Олар: 

Осыдан 3 ай бұрын күшіне енген «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жергілікті атқарушы органдардың аймақтық үдерістеріне өз алдына тосқауыл қоя алмайды. Ол үшін заңға сәйкес әзірленген жергілікті ережелер бар. Заңға байланысты белгілі бір процестердің механикасы мен алгоритмдері күшіне енетін заңға ілеспе заңға тәуелді актілерде көрсетілуі керек еді. Қарапайым тілмен айтсақ, әкімдіктер үшін заң аясында жұмыс істеудің жолдары ұсынылуы керек еді. Мұндай нақтылық болмағандықтан, әкімдіктер панасыз иттермен күресе алмады», – дейді ол. 

Жануарлар құқығын қорғаушы бұған жұмыстың заң аясында орындалмауы себеп дейді.

«Осыған дейін Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен бұл жұмыстың жауапты орындаушылары аталған құжаттарды орындау мерзімін сақтамағаны үшін тәртіптік жазаға тартылғанын жазған болатынмын. Одан әрі бұл заңға тәуелді актілерді жариялаудың кешігуіне байланысты осы комитет басшылығымен кездесу болғанын жазды.

Әрі қарай, бұл процесті жеделдету үшін бұл процеске құзыретті және мүдделі мамандарды тарту туралы ұсыныс жасалды.Мұның соңы қалай аяқталды? Ақтөбе әкімдігінің қараусыз қалған мал санын реттей алмауының кесірінен бала өлімі», – дейді ол.

Ақтөбенің Есет батыр ықшам ауданындағы құрылыс алаңында 12 жастағы баланың денесі табылған болатын. Марқұм жеткіншек оқыған мектептің директоры оқиға туралы айтып берді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!