Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылғы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда жылжымайтын мүлікті тіркеудің жаңа ережелері күшіне енді. Бұл өзгерістер жылжымайтын мүлікке құқықтарды құқықтық кадастрда жүйелі тіркеуге қатысты болмақ. Оған мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базаларының бірлестігі көзделген бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүліктің кадастры жүйесі енгізіледі.
Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүліктің кадастрында жер учаскелерін ұсынудан бастап жылжымайтын мүлік объектілеріне барлық құжаттарды рәсімдеумен аяқтай отырып, барлық қызметтерді көрсету көзделген.Яғни жер мен жылжымайтын мүлікті есепке алу жүйесі біріктірілген.
Енді мемлекеттік акті мен техникалық паспорт біріктіріліп, орнына бірыңғай кадастрлық паспорт қолданылады. Жүйенің басты ерекшеліктері артық құжаттар талап етілмейді /талдау актісі, жерге орналастыру жобасы, комиссия хаттамасы/.
Осы заңмен «Жылжымайтын мүліктің кадастрлық паспорты» ұғымы енгізілді, бұрын жер учаскесін акт және жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспорты болған, енді осының бәрі жылжымайтын мүліктің кадастрлық паспортына біріктірілген. Бұл электронды түрде жасалады, ол құжат айналымын жеңілдетеді. Және алу мерзімі де қысқарады.
Кадастрлық паспорттың электрондық форматында қосымша мәліметтер енгізіледі, жер учаскелерін нақтылау және аймақтарға бөлу көзделген.
Тек жылжымайтын мүлікті шілдеден бастап рәсімдегенде немесе қайта тіркегенде ғана жаңа құжат алатын болады. Жер учаскелері жай ақпарат та қол жетімді болады, азаматтар egov.kz порталы арқылы бос жер телемдері жайлы мәлімет алып, аукционда сатып ала алады. Жеке тұрғын үй құрылыс үшін кезекте тұрған азаматтар да жер телімін жаңа цифрлық жүйе арқылы рәсімдей алатын болады.
Жер учаскелерін беру жөніндегі қызметтерді цифрландыру мәселесіне енгізілген өзгерістер жер қатынастарындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне кедергі келтіреді, мерзімдерді қысқартады, құжат айналымын жеңілдетеді.
Заңға енгізілген өзгерістер жер учаскелерін беруде ашықтықты жүзеге асырады.
Қызылорда облысының әділет
департаментінің бас маманы А.Алибекова
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!