Маңғыстау облысында 18 қыркүйек күні қылмыстық топтың жетекшісі мен үш қатысушысы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдеуінше, олардан атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.

«Олар облыстық және халықаралық трассаларда зат тасымалдайтын кәсіпкерлерден ақша бопсалап, қорқытқан», – деді ҰҚК баспасөз қызметі.

Жәбірленушілер анықталды, олардың арасында лауазымдық міндеттерін атқарып жүрген шекара қызметінің әскери қызметшісі болған.

«Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда», – деді комитет.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!