Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Өндіріс» индустриялық аймағындағы заманауи кірпіш зауытының құрылыс барысымен танысты.

«Қызылорда Саз М» ЖШС кірпіш зауытын орналастыру үшін өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен 7 гектар жер телімі бөлінген.

Зауыттың құрылыс жұмыстары 98% аяқталды. Жабдықтарды монтаждау жұмыстары 100% орындалды. Әкімшілік-тұрмыстық ғимараттың құрылысы 80% біткен, сырты қапталып болды. Қазір аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Мұнда негізгі техникалық құрылғылар орнатылып, өндіріс процесі автоматтандырылып, баптау жұмыстары жүргізілуде. Зауыт іске қосылғаннан кейін жылына 90 миллион дана кірпіш өндіреді деп күтілуде, 70 адам жұмыспен қамтылмақ. Бұл кірпіш зауытының басты ерекшелігі – өндіріс толық автоматтандырылған. Жаңа технологиялар өндіріс тиімділігін арттырып, өнім сапасын жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!