Қазгидромет 4, 5, 6 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, ашық болады. Тек республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады.
Ел бойынша жел күшейіп, тұман түседі, шығыста көктайғақ болады, ал оңтүстік-батыста және оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.
Ауа температурасы
- Солтүстік өңірлерде түнде температура біртіндеп -3°…+5°С-қа дейін, күндіз +5…+15°С-қа дейін жоғарылайды.
- Шығыста түнде -3…-13°С-қа дейін төмендеп, күндіз +3…+11°С-тан -5…+5°С-қа дейін ауытқиды.
- Республиканың оңтүстік-шығысында түнде 1-3°С үсік жүреді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!