«Қазгидромет» синоптиктері 18 сәуірде еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. 

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар)күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с. 

Павлодар облысының солтүтігінде, оңтүтігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жанбыр), көктайғақ, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүтігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ұлытау облысында түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. 

Қарағанды облысында түнде облыстың шығысында көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Астанада таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар)күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 

Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Шымкентте түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Жетісу облысының таулы аудандарда түнде туман, облыстың шағысында, тауылы аудандарда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!