Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Шіркейлі», «Жаңадария», Сыздық каналдарындағы көпірлерді қалпына келтіру жұмыстарын тексерді, – деп хабаролайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Шіркейлі» каналындағы көпірді жөндеуді қолға алған бас мердігер «Жылу 21» ЖШС 24 аралық балка және 250 аралық плита орнатты, 4 аралықтың беті бетондалды. Арнасы тазартылып, бетон конструкциялары сырлануда. Жиектегі тіреулерге плита орнату және кірме жолды жөндеу қарқын алған. Құрылыс материалдары толық жеткізіліп, жұмысқа 20 адам мен 5 техника жұмылдырылған.

Сыздық каналындағы жұмысты да аталған серіктестік жүргізуде. Каналдың табаны мен жиектері тегістеліп, бетондалды. Құрылыс материалдары жеткілікті, көпір басында 12 адам, 3 техника жұмыс істеуде.

Жаңадария каналындағы көпірге «Best Stroi Grup инжиниринг» ЖШС құрылыс материалдарын жеткізіп, бетондап, сырлауда. Кірме жолға топырақ төселген. Қалпына келтіру жұмыстарын 26 адам, 4 техника атқаруда.

Аймақ басшысы ең бастысы сапаға мән беріп, жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!