«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы кезекті сенбілікте өңірдің қала, ауыл, елді мекендерінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Оған 95 мыңнан астам еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты.
Көпшілік біркісідей атсалысқан тазалық жұмыстарынан кейін 3 000 тоннадан астам қоқыс қалдығы шығарылды. Елді мекендердегі скверлер мен парктер, тарихи мәдени ескерткіштер, әлеуметтік нысандар, өнеркәсіп және бизнес нысандары, су объектілері мен көшелердің бойы тазартылды. Оған 800-ден астам техника жұмылдырылды.
Жыл басынан бері облыс аумағына 28 400 түп жергілікті климатқа сай келетін, жерсінетін қарағаш, терек және Сыр талының көшеттері егілді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!