Көшеде түнеп жүрген танымал композитор Арман Қайназаровқа жомарт жандар көмектесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жақсы жаңалықты ақын Есет Табынбаев өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Кешегі Қазалы тумасы Арман Қайназаровты жігіттер тауып алып, қол ұшын созған екен. Үмітсіз шайтан ғана. Келешекке деген талпынысы мықты болып тұр. Қолтығынан сүйеген, орнынан тұруға демеп жатқан азаматтарға Алла сауаптан жазғай! Десе де бір адамның тағдырына немқұрайды қарамай, жан-жақтан сұрастырып, көңілдегі адами асылдығын білдіріп жатқан ағайынға алғыс айтамын», – делінген жазбада. 

Еске салсақ, бұған дейін белгілі қазақ әндерінің авторы Арман Қайназаровтың көшеде түнеп жүргені туралы жазған болатынбыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!